Астанада арнайы жасақ қызметкерлері соққыға жығылған ба? Полиция жауабы
Әлеуметтік желіде Астанада "Арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлері" соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Kozachkov offside Telegram-каналының мәліметінше, кеше, 21 қаңтарда бес ер адам BMW 7401 көлігімен ЕРОП ескі ғимаратына келіп, арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасап, олардың денсаулығына зақым келтіріп, кетіп қалған.
Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті түсінік берді.
"Полиция департаменті алған факт бойынша қылмыстық іс қозғады, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа да мәліметтер жарияланбайды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!