Қостанайлық қоғамдық көлікте ер адам әйелге жұдырық ала жүгірген
Қостанайлық қоғамдық көліктердің бірінде келеңсіз жағдай болды. Автобуста ер адам жанында тұрған әйел адамға жұдырық ала жүгірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға куәгерлері жан-жақтан жәбірленуші әйелге көмектесуге тырысқан. Оқиға видеоға түсіп қалған.
Полицейлер жедел түрде 61 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Ер адамға қатысты полиция қоғамға деген құрметсіздік білдіретін және зорлық-зомбылыққа әкеп соққан бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр" деп жазды ІІМ түсініктемеде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!