27 қаңтардағы ауа райы болжамы: ескерту жарияланды
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 27 қаңтарда қатты жел мен тұманға болады. Соған байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Солтүстікте, оңтүстікте және Алматы облысының тау аймақтарында жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз облыстың батысы мен шығысында 15-20 м/с жылдамдыққа дейін күшеюі мүмкін. Алматыда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады.
Қонаевта түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Ақтөбе облысы27 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде және Ақтөбеде тұман күтіледі.
Атырау облысыСолтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Атырауда синоптиктер түнде және таңертең тұман болады деп болжайды.
Батыс Қазақстан облысыОблыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болуы ықтимал. Оралда 27 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі.
Ұлытау облысыОблыстың батысында және солтүстігінде тұман күтіледі.
Абай облысыСиноптиктер оңтүстік-шығыс желін, ал облыс орталығында жел екпінінің 15-20 м/с жететінін болжайды.
Солтүстік Қазақстан облысы27 қаңтарда түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Өскемен26 қаңтар сағат 20:00-ден 27 қаңтар сағат 20:00-ге дейін Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың екінші деңгейі сақталады.
Қостанай облысыОблыстың батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысыДүйсенбі күні түнде және таңертең облыстың орталығында тұман болады.
Жетісу облысыОңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 18-23 м/с жетуі мүмкін.
Түркістан облысыОблыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, таулы асуларда екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!