Добавить новость
ru24.net
World News
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына сот үкімі шықты

0

Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Елдос Қоспаев пен оның ұйымдасқан қылмыстық тобы мүшелерінің ісі бойынша үкім жарияланды. 11 адам сотталушы орындығында отырды.

Елдос Қоспаевтың мүлкі (пәтерлер, жер учаскелері, қоғамдық-іскерлік мекемелер) тәркіленіп, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

2022 жылы шілдеде Алматы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жедел іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы ірі бизнес құрылымдарын ұзақ уақыт бойы рейдерлік басып алумен айналысқандарды әшкерелегені белгілі болды.

Сол кезде күдіктілер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы жасау, бопсалау арқылы елдегі танымал кәсіпкерлерді өз мүлкін беруге мәжбүрлегені белгілі болды.

Кейінірек Қаржылық мониторинг агенттігі компанияларды рейдерлік жолмен басып алу туралы істің егжей-тегжейін айтты. 2022 жылы 14 шілдеде сот топтың төрт мүшесіне қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Ал ҰҚТ басшысы саналатын Елдос Қоспаевтың өзіне және тағы екі қатысушысы Шалин мен Имашевке халықаралық іздеу жарияланды.

2023 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесін Солтүстік Кипрден Қазақстанға жеткізгенін мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Медведев и Рублев ухудшили свои позиции в рейтинге ATP






Шесть секунд — и штраф. Камеры фотофиксации в Петербурге теперь моментально ловят нарушителей ПДД

Локомотив протаранил автобус в Наро-Фоминске

«В отношении бывшего административно‑тренерского состава сборной России по прыжкам в воду возбуждено уголовное дело» — Дружинин

Более 34 млн раз водители пополнили счет в приложении «Парковки России» через СБП