Болат Жәмішев “Қазақстан халқына“ қорының басшысы қызметінен кетті
"Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы ауысты. Қордың жаңа төрағасы болып Ләззат Шыңғысбаева тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, "Қазақстан халқына" қоры 2022 жылы құрылғаннан бері оның төрағасы Болат Жәмішев болған.
Болат Жәмішевтің төрағалық қызметінің мерзімі аяқталғандықтан, ол қордағы жұмысын аяқтауды шешкен.
Қордың баспасөз қызметі мәліметінше, Болат Жәмішев басқарған уақытта "Қазақстан халқына" қоры "қордың қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосқан". Қор 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасын бастамашы болып, олардың 62-сі қазірдің өзінде жүзеге асырылған. Қор Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында су тасқынынан зардап шеккен 627 отбасының үй құрылысын қаржыландырды.
"Қордағы жұмыс мен үшін үлкен абырой мен жауапкершілік болды. Қорды біздің бастамаларымызда қолдаған барлық адамдарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Біз бірге айтарлықтай нәтижелерге қолжеткіздік және мен қор жаңа басшылықпен одан әрі дамуын жалғастыратынына сенімдімін. Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге біздің ортақ игілікті ісімізге қосқан үлестері үшін алғыс айтамын", - деп түсіндірді өз шешімін Болат Жәмішев.
"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап "Қазақстан халқына" ҚҚ басқармасының төрағасы болып Ләззат Шыңғысбаев сайланды. Ол Қазақстанда қайырымдылық, әлеуметтік жобаларды басқару және ҮЕҰ институционалды дамуы саласының маманы, қоғам қайраткері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!