Добавить новость
ru24.net
World News
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

“Президент балалардың арманын орындайды“: Сарыағаштық оқушыға Тоқаев сыйлық жолдады

0

Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты №30 С.Торайғыров мектебінің 4-сынып оқушысы Хиуаз Аршабай жуырда ерекше оқиғаға тап болды. "Президент балалардың арманын орындайды" деген әлеуметтік желідегі жазбаны оқыған ол өз арманын мемлекет басшысына жолдап, Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйлық алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Хиуаз көпбалалы отбасынан шыққан алтыншы қыз. Барлығы да өнер-білімге бір табан жақын, ізденімпаз. Президентке жазған хатында ол бауырларына арнап ноутбук сұрап, мемлекет басшысымен жүздесуді қалайтынын жазған. Алдағы уақытта ол білімін арттырып, президентпен кездесуді мақсат етіп отыр. Хиуаз Аршабайдың хатында өзіндік арманы жазылған. Бұл хат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалмады және ол Хиуазға өз атынан сыйлық жолдады. Елордадан келген сыйлықты Түркістан облыстық білім басқармасының мамандары табыстады. Президенттің бұл жауабы – Хиуаз үшін үлкен қуаныш", - деді Түркістан облысының білім басқармасының баспасөз қызметі.

Фото:Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
Сарыағаштық оқушы қыз тек оқу үлгерімі жағынан ғана емес, шығармашылық және интелектуалдық қабілетімен де ерекшеленеді. Мектеп басшысы Хиуазды мектебінің мақтанышы және болашақта қоғамға пайдасы тиетін азамат ретінде көретінін жеткізді. Бұл оқиға мектеп ұжымын ерекше қуанышқа бөледі. Хиуаздың жетістігі – тек оның жеке еңбегі емес, мектебі мен анасының үнемі қолдауының нәтижесі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Рафаэль Надаль

Надаль заявил, что не понимает ажиотажа вокруг одного из памятных матчей с Федерером






"Ростех" продемонстрирует ручной пулемет РПЛ-7 на выставке в Абу-Даби

"Ростех" прогнозирует высокий спрос на модуль "Бережок" в странах Ближнего Востока.

Родные в шоке. Во что превратилась обвиняемая в убийстве мамы Геля Пикалова

Володин: санкции Запада против РФ обернулись для Европы крахом экономики