Қазгидромет астаналықтарға ескерту жасады
Қазгидромет Астана мен еліміздің түрлі өңірлеріндегі қалалардың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"12 ақпанда Атырау, Ақтөбе қалаларында, түнде Астана қаласында метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 11, 12, 13 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері республиканың солтүстік облыстарының ауа райына солтүстік циклон ықпал етеді, ал оңтүстік аймақтарға оңтүстік циклон әсер етеді, соның әсерінен қар жауып, боран соғады, күндіз елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде аралас жауын-шашын жауады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!