Қазақстандағы бейбіт жиналыстар: Конституциялық сот норманы қайта тексеруден бас тартты
Конституциялық Сот жергілікті атқарушы органдардың бейбіт жиналыстар туралы хабарламаларды қарау жөніндегі өкілеттіктері туралы норманы қайта тексеру үшін жол берілген шарттарды анықтаған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Азамат Конституциялық Сотқа "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңның бірқатар нормаларының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішпен жүгінді.
"Өтініш берушінің өтінішін алдын ала зерделеу қорытындылары бойынша Конституциялық Сот Заңның көрсетілген нормалары бұрын тексерілгенін және тексеру қорытындылары бойынша 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 61-НҚ нормативтік қаулысы қабылданғанын, онда құқықтық ұстанымдар мен тексеру қорытындылары бойынша шешім егжей-тегжейлі баяндалғанын көрсетті", - делінген хабарламада.
Аталған нормативтік қаулы өзінің заңды күшін сақтайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!