Добавить новость
ru24.net
World News
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Павлодарда жеті мектептің оқушылары шұғыл эвакуацияланды

0

Павлодарда белгісіз біреудің хабарламасы салдарынан жеті мектептен жүздеген оқушы эвакуацияланды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бомба қойылғаны туралы алғашқы қоңырау 10:45-те түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірінші хабарламаны №39 мектептің директоры жеткізді. Белгісіз адам қоңырау шалып, оқу орны толық миналанғанын және балаларды эвакуациялауға 20 минут беретінін айтқан. Алгоритмге сәйкес, бұл туралы бірден 102 нөміріне хабарланды. Мектепке құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, оқушыларды эвакуациялауға кірісті. Кейін Шамкенов атындағы мектеп-лицейге, №6, 29, 17, 18 мектептеріне де осындай қоңыраулар түсті. Барлығына балаларды шұғыл шығару туралы нұсқау берілді", – деп мәлімдеді өңірдің білім басқармасы.

Балаларды далада ұстамау үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

"Барлық оқу орындары бекітілген алгоритм бойынша әрекет етті – қоңырау түскеннен кейін бірден 102 нөміріне хабар берді. Мәселе Павлодар облыстық білім басқармасының бақылауында", – деді ведомстводағылар.

Кейінірек полицияға тағы бір мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен. Оқу орындарына түскен үрейлі қоңыраулар туралы ақпаратты полиция департаменті растады.

"Қаладағы бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар беру фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметтері аттанды, мамандар ғимараттарды тексеріп жатыр. Бұл шараларға басқа да шұғыл қызметтер жұмылдырылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар адамды анықтау шараларын жүргізіп жатыр" – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Александр Бублик

Бублик в двух сетах проиграл на турнире в Марселе






Пассажирка ВАЗа погибла в ДТП с «Газелью» в Подмосковье

Прокурор запросил шесть лет колонии для Блиновской

Сомнолог Герасимова назвала самую вредную позу для сна 

Москва сэкономила 500 млн рублей: оценка 77 актов помогла бизнесу столицы