Алматының бір ауданында уақытша суық су болмайды
"Алматы Су" мәліметінше, 18 ақпанда қалада жаңа су құбыры желілерін пайдалануға беру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.18 ақпанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға су беру бойынша уақытша шектеулер енгізіледі:
Розыбакиев көшесі, "Әмір" ТК, ESTET ТК, 4YOU ТК;
Тәжібаев көшесі, "Элемент" ТК;Қожабеков көшесі, 6, 17/1, 21, "Браун" ТК.
"Жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық секторлардағы суық сумен жабдықтауға уақытша шектеулер енгізу қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!