Добавить новость
ru24.net
World News
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28

Түркістан облысында оқушылар вокзалдың заманауи жобасын әзірледі

0
Заманауи технологиялар дәуірінде жас ұрпақтың ғылым мен техникаға деген қызығушылығы қарқынды артып келеді. Бұл тенденция әсіресе мектеп қабырғасындағы дарынды балалардың түрлі ғылыми жобалар жасауынан айқын көрінеді. Мұның айқын бір дәлелі – Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Ленгір қаласында орналасқан №2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушылары Өсербай Әлижан мен Саятай Әбунасырдың "Вокзалдағы пойыз күту платформасын автоматтандыру" атты инновациялық жобасы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл жоба аудандық ғылыми жарыста үздік атанып, облыстық кезеңде жүлделі орынға ие болды. Оның ерекшелігі – теміржол вокзалдарындағы инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталғандығында. Кең байтақ елімізде теміржол арқылы жолаушылар мен жүктердің тасымалдануы – экономикалық даму мен халықтың өмір сүру деңгейін жақсартудың маңызды көрсеткіші. Алайда қазіргі таңда көптеген өңірлерде вокзал инфрақұрылымы ескірген, қызмет көрсету сапасы төмен деңгейде қалып отыр. Жас өнертапқыштар дәл осы мәселелерді шешуді мақсат етіп қойдық дейді. Жоба барысында олар теміржол вокзалдарына байланысты бірнеше негізгі проблемаларды анықтаған.

"Инфрақұрылымның тозуы – көптеген өңірлік теміржол вокзалдарында күту залдары, платформалар мен ақпараттық жүйелер жаңғыртылмаған. Бұл жолаушылардың сапар барысында қолайсыздыққа ұшырауына себеп болады. Екіншіден, заманауи технологиялардың жетіспеушілігі – жолаушыларға бағыт-бағдар беретін электронды жүйелердің, ақпараттық таблолардың, электронды билет сату жүйесінің болмауы. Үшіншіден, қызмет көрсету деңгейінің төмендігі – теміржол қызметкерлерінің жұмысы көбінесе қағаз құжаттарға негізделгендіктен, ақпаратты өңдеу баяу жүреді. Бұл жолаушылардың сапарға дайындық үдерісін қиындатады. Қауіпсіздік мәселелері – кейбір теміржол вокзалдарында бейнебақылау жүйесінің әлсіздігі немесе мүлде жоқтығы жолаушылардың қауіпсіздігін төмендетеді", - деп пікір білдірді оқушылар.

Өсербай Әлижан мен Саятай Әбунасыр жасаған бұл жоба теміржол вокзалдарының күту платформаларын автоматтандыруға бағытталған. Яғни, олардың идеясы бойынша жолаушыларға пойыздың келу уақыты, бос орындар туралы нақты ақпарат беріліп, платформадағы қызмет көрсету сапасы айтарлықтай жақсарады.
Жобаның басты артықшылықтары


"Күту залында жолаушыларға арналған ақпараттық электронды табло, тегін Wi-Fi, қолайлы отыру орындары қарастырылады. Күту уақыты азаяды. Яғни, пойыздың кешігуі немесе қозғалыс кестесіне байланысты нақты ақпаратты жолаушылар лезде ала алады. Қызмет көрсету жылдамдығын арттыру. Билет алу, орын брондау, анықтамалық қызметті пайдалану сынды функциялар автоматтандырылады. Қауіпсіздік деңгейін жоғарылату: Заманауи бейнебақылау камералары орнатылып, жолаушылардың қауіпсіздігі қатаң бақылауда болады", - деді Әлижан.

Жоба әзірге пилоттық деңгейде жасалғанымен, оқушылар оны одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Болашақта вокзалдардың күту залдарын автоматтандыру үшін бірнеше жаңа фнукциялар қоспақшы. Атап айтқанда, ақпараттық қолжетімділікті арттыру. Жолаушыларға вокзалдағы барлық қажетті ақпаратты уақытылы беретін мобильді қосымша әзірлеу. Электронды билет жүйесін жетілдіру: Онлайн брондау және төлем жүйесін енгізу арқылы билеттерді алу үдерісін жеңілдету. Қажет болған жағдайда күту залынан тамаққа тапсырыс беру, пойыздағы бос орындарды көру мүмкіндігін жасау. Экологиялық таза технологияларды пайдалану. Вокзал ғимаратында энергия үнемдейтін шамдар, күн батареяларынан қуат алатын жүйелер енгізу.
Ұстаздар мен ата-аналардың пікірі
Бұл жобаның сәтті жүзеге асуына ұстаздар да, ата-аналар да үлкен үміт артып отыр.

"Әлижан мен Әбунасыр өте талантты, еңбекқор оқушылар. Олардың ғылымға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы бізді қуантады. Бұл жоба арқылы олар өздерінің зерттеушілік қабілеттерін дамытып, келешекте үлкен жетістіктерге жететініне сенеміз", – дейді жетекші ұстаздары.

Өсербай Әлижан мен Саятай Әбунасырдың "Вокзалдағы пойыз күту платформасын автоматтандыру" жобасы – Қазақстандағы көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Бұл жоба жолаушыларға жайлы жағдай жасауды ғана емес, қызмет көрсету сапасын жақсартуды, қауіпсіздік деңгейін арттыруды және заманауи технологияларды енгізуді көздейді.


"Балаларымыздың жаңа идеялар ұсынып, оларды жүзеге асыруға талпынуы – біз үшін үлкен мақтаныш. Олар тек өздеріне ғана емес, қоғамға да пайдалы іспен айналысып жатыр. Болашақта бұл жоба үлкен маңызға ие болатынына сенеміз", – деп пікір білдірді ата-аналар.

Егер мұндай бастамалар мемлекет тарапынан қолдау тауып, әрі қарай дамытылса, онда еліміздің көлік жүйесі жаңа деңгейге көтерілері сөзсіз. Жас өнертапқыштардың бұлым мен технология саласына қызығушылығының айқын дәлелі. Алдағы уақытта мұндай жобалардың көбеюі еліміздің болашағы үшін аса маңызды болмақ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Андрей Рублёв

Рублев поднялся на девятое место в рейтинге АТР, опередив американца Пола






Австралия ужесточает санкционную политику против России

Собянин: около 150 социальных объектов будет построено в 2025–2026 годах

«Азимут» оборудовал аэропорт в Сухуме системой посадки самолетов

Ночь на 24 февраля стала самой холодной в Москве с начала года