Добавить новость
ru24.net
World News
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28

Қазақстанда ескі көліктерді кәдеге жарату: нені білу керек?

0

Көптеген қазақстандықты ескі көліктерді қалай және қайда кәдеге жаратуға тапсыру керек екені алаңдатады. Tengri Auto Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінен істен шыққан көлікті қалай кәдеге жаратуға болатынын және ол үшін қанша алуға болатынын білді.Қашан басталады?
Министрліктің баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстанда автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату процесі 2024 жылғы 10 қазандағы №243 бұйрыққа сәйкес реттеледі. Қазіргі уақытта қайта өңдеушілермен келісімшарттар жасалып жатыр, содан кейін өтінімдерді қабылдау басталады. Алайда министрлік нақты күндерді атаған жоқ.
Автокөлікті қайда тапсыруға болады?
Кәдеге жаратуға өтінімдерді "Жасыл даму" АҚ-ның ақпараттық жүйесі арқылы беру қажет. Қайта өңдеушілермен келісімшарттар жасалғаннан кейін, қабылдау пункттерінің өзекті тізімі оператордың ресми сайтында жарияланады.Қандай көліктер қабылданады?
Кез келген жылғы және модельдегі автокөліктер кәдеге жаратуға қабылданады, бірақ негізгі құрамдас бөліктері: шанағы, есіктер, қозғалтқыш, беріліс қорабы және басқа да бөлшектер болуы шарт.
Кәдеге жаратуға тапсырғаны үшін қанша алуға болады?
Ескі автокөлік иелері ақшалай төлемнің орнына көлік санатына байланысты жеңілдік сертификатын алады:

Жеңіл автокөліктер (М1) – 315 000 теңге
Салмағы 5 тоннаға дейінгі микроавтобустар (М2) – 550 000 теңге5 тоннадан асатын автобустар (М3) – 750 000 теңге
Салмағы 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері (N1) – 550 000 теңгеСалмағы 3,5-12 тонна аралығындағы жүк көліктері (N2) – 550 000 теңгеСалмағы 12 тоннадан асатын жүк көліктері (N3) – 750 000 теңгеТракторлар – 560 000-1 000 000 теңге
Комбайндар – 1 500 000-2 000 000 теңге

Шешімді қалай даулау керек?
Егер көлік иесінде қабылданған шешімдерге қатысты сұрақтар туындаса, ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағым түсіре алады.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Елена Веснина

Веснина: Андреева — ориентир, на который хочется равняться






Times: Великобритания запретит въезд всем российским чиновникам

Аппаратная косметология: современные методы ухода за кожей лица в Москве

Исторический спектакль «Соборная площадь» увидели около 15 тыс. зрителей

2 БПЛА уничтожены над территорией Рязанской области, вероятная цель - РНПК