Қазақстанда бірінші АЭС құрылысының орны бекітілді
Қазақстанда АЭС салу орны ресми түрде бекітілді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ядролық қондырғы "Атом электр станциясын" салу ауданы туралы" қаулы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданды.
"Ядролық қондырғы "Атом электр станциясын" салу ауданы туралы шешім қабылдансын – Алматы облысының Жамбыл ауданы", - делінген құжатта.
Қаулы 25 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!