Добавить новость
ru24.net
World News
Февраль
2025

Суға кеткен миллиардтар: Астанадағы “Күн“ субұрқағының тағдыры не болады?

0

Астана әкімдігі Есіл өзеніндегі атышулы "Күн" фонтанының тағдыры не болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Былтыр Астана әкімі Жеңіс Қасымбек көп жылдан бері жұмыс істемей тұрған "Күн" фонтанын қалпына келтіру үлкен шығындарды талап ететінін, сондықтан оны бұзу жоспарланғанын мәлімдеген еді. Фонтан былтыр алып тасталуы керек болған, алайда ол әлі орнында тұр. Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы әкімдікке ресми сауал жолдап, фонтанның болашақ тағдырын анықтауға тырысты.
Астана Ішкі саясат басқармасы мәліметінше, нысан құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға қатысты іс бойынша соталды тергеу жүргізілгендіктен, фонтан бұзылмаған.
Осы уақыт ішінде тергеу аясында қажетті сараптамалар жүргізілген.

"Фонтан 2025 жылы жеке қаражат есебінен бұзылады. Бюджеттен қаражат бөлінбейді", – деп мәлімдеді ведомство.

Сондай-ақ, біз фонтанды қалпына келтіруге қанша қаражат қажет екенін және оны бұзуға қанша шығын кететінін білгіміз келді, бірақ басқарма бұл сұрақтарға жауап берген жоқ. Сондай-ақ бұзылған металл конструкцияның болашақ тағдыры да белгісіз.
Айта кетейік, "Күн" пішініндегі фонтан 2016 жылы Астана күніне орай салтанатты түрде ашылған. Ерекше құрылым қала тұрғындарын таңғалдырды, ал фонтанды орнату процесінің фотосуреттері тез арада әлеуметтік желілерде тарады.
Әкімдік сол кезде фонтанның жалпы ауданы 3 600 шаршы метр, ұзындығы – 180 метр, ені – 20 метр, ал судың үстінен биіктігі 22 метрге дейін жететінін хабарлаған. Фонтан әртүрлі қуаттағы су атқыштарымен жабдықталған, олар су ағындарын 80 метр биіктікке дейін көтере алады.
Жоспар бойынша, жазғы кештерде фонтан лазерлік шоумен сүйемелденуі тиіс болса, күндіз ол сағат қызметін атқаруы керек еді.

Алайда бұл көрініс ұзаққа созылмады. Мәдениет басқармасының мәліметінше, фонтан 2019 жылдан бері жұмыс істемей тұр. Бұл жағдай "қысқы уақытта электр кабельдері мен басқа да материалдардың ұрлануымен" түсіндірілді. Осыған байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған.
2024 жылғы қыркүйекте Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Астананың мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловтың ұсталғанын растады. Ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп күдікке ілінген. ҚМА деректеріне сәйкес, фонтан құрылысына қатысты келісімшарттар мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбей жасалған.
Фонтанға қатысты сот ісі былтыр желтоқсанда басталды. Болат Мажағұлов өзіне тағылған айыптарды толықтай жоққа шығарды. 2025 жылғы 31 қаңтарда бұрынғы шенеунік 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Александр Зверев

Зверев на теннисном турнире в Акапулько проиграл Тьену, ранее победившему Медведева






Россияне выстроились в очереди за визами недружественной страны

Юрист Хаминский рассказал, что Буйнову может грозить до двух лет тюрьмы за ДТП

В 11 регионах России средняя зарплата превысила 100 тысяч рублей

Жена Карпина подтвердила, что тренер теперь будет жить в Москве