Добавить новость
ru24.net
World News
Февраль
2025

Шерзат ісі бойынша күдіктілер туған күн тойлаған: полицейлерге қандай жаза төніп тұр?

0

Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болат ісі бойынша қамауға алынғандардың уақытша ұстау изоляторында туған күн тойлауына жол берген полицейлерге қатысты тергеудің егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында прокуратура 18 ақпанда полиция Қылмыстық кодекстің 371-бабының 1-бөлігі "Немқұрайлылық" бойынша соталды тергеу бастағанын хабарлады. Тергеуді Алматы облысы полициясының жеке қауіпсіздік басқармасы жүргізеді.

"Полиция қызметкерлері жол берген заңбұзушылықтар бойынша Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы 16 ақпанда заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді", - деп жазылған жауапта.

Қылмыстық кодекстің 371-бабының 1-бөлігіне сәйкес заңбұзушыларға 1 мың АЕК-ке дейін (2025 жылы 3,9 миллион теңге) айыппұл, 400 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу/бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.
Айта кетейік, жуырда Ішкі істер министрлігі Шерзат Болаттың ісі бойынша күдіктілерге қатысты видеодан кейін кінәлілер жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді.
Министрліктің ресми ақпараты бойынша қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және тиісінше бақылау жүргізбегені үшін 16 басшы мен қызметкер лауазымнан босатылуға дейін қатаң тәртіптік жазаға тартылған. Оның ішінде УҰИ басшысы да лауазымнан босатылған.
Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Кейін Шерзаттың ағасы да өлі табылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Три теннисиста из топ-20 ATP снялись с турнира в Акапулько из-за пищевого отравления






В Госдуме предложили обновить некоторые правила репатриации в Россию

Юрист Адамс предупредил о новом способе передачи кассового чека покупателю

Экс-футболист «Реала» рассказал, как его оскорбил Месси

Жилой комплекс “Розовое озеро” – квартиры у моря от застройщика