Теңге нығайды: 28 ақпандағы доллар бағамы қандай?
Қазақстанда 28 ақпандағы доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,69 теңгеге төмендеп, 499,22 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 28 ақпандағы ресми бағамы - 501,49 теңге.
kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 498,90 теңгеге, ал сату бағамы 501,48 теңгеге тең. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 497,22 теңгеден сатып алынып, 503,23 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!