Добавить новость
ru24.net
World News
Март
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Вице-премьер құтқарушылардың жаппай жұмыстан шығуы туралы ақпаратқа пікір білдірді

0
Ақмола облысында басшылықтың ауысуынан кейін құтқарушылардың жаппай жұмыстан шығуы туралы ақпарат пайда болды. Жағдайға премьер-министрдің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сержанттар өз қаражатына жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болғаны хабарланды. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаменті басшысын отставкаға кетуге мәжбүрлеген деген ақпарат тарады. Оны қолдау мақсатында бірқатар өртсөндіруші қызметтен кету туралы өтініш жазған.


"Кез келген жағдайда тиісті тексеру қажет. Егер бұл рас болса, онда кінәлілер заң нормаларына сәйкес жауапкершілікке тартылуы керек. Бұл қай орган немесе ұйым екені маңызды емес. Тіпті жеке сектор болса да, бәрі заң аясында жүргізілуі тиіс. Министрліктің (ТЖМ - еск.) ішкі қауіпсіздік қызметі бұл мәселені зерттеп, тиісті шараларды қабылдайды деп есептеймін. Егер құқық қорғау органдарына шағым түссе, олар да әрекет етеді", - деді Көшербаев Мәжілісте өткен брифингте.

Вице-премьер алдағы су тасқыны кезеңінде жағдай реттелетініне сенім білдірді.

"ТЖМ басшылығы бұл мәселеге назар аударады, ешқандай түбегейлі шешімдер, жұмыстан босатулар болмайды, бәрі өз орнына келеді деп ойлаймын", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Елена Рыбакина

Елене Рыбакиной "отдали" победу в реванше с 17-летним вундеркиндом






Директор нижегородского филиала РАНХиГС подозревается во взяточничестве

Суд разрешил фармпроизводителю не возвращать субсидию в 29 млн рублей

В столице капитально отремонтировали 17 домов с французскими балконами

«Человек, сделавший 195 млн за 3 часа»: недавно Саша Митрошина хвасталась успехами, а теперь может сесть на 10 лет