Добавить новость
ru24.net
World News
Март
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда eGov порталы мен басқа да мемлекеттік қызметтер жұмысы уақытша шектеледі

0
Қазақстанда eGov порталы мен басқа да мемлекеттік қызметтерге қолжеткізу шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қолдау көрсететін жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.

"Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін жүргізіледі. Уақыт аралығы пайдаланушылардың ең аз белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, бұл мүмкін болатын қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:

eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы ("Цифрлық құжаттар" сервисін қоса алғанда);
e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;"ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.


"Осыған байланысты, "ҰАТ" АҚ барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынады.
Түсіністік танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!"

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Анна Блинкова

Анна Блинкова обыграла Камиллу Рахимову в первом круге турнира в Майами






Москвичам напомнили, что бесплатные пересадки между метро и МЦД помогают экономить

Воронеж вновь претендует на звание города-героя

«Спасибо, что поддерживаете нас»: семья Морозовых рассказала о помощи компании «НВМ» их дочери

Произведения Баха и Генделя исполнят на Саянской