WhatsApp-та “Досаевтың“ атынан хабарлама тарады
"Бейтаныс адамдар +7 707 342 64 39 нөмірінен, сондай-ақ, басқа да нөмірлерден хабарлама жіберіп, қоңырау шалып жатыр. Алматы қаласы әкімдігі мұндай сипаттағы хабарламаларды таратпайды. Мұндай хабарламалар мен бейтаныс тұлғалардан келетін қоңыраулар – алаяқтық әрекеттер", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік азаматтарға маңызды кеңес берді:
мұндай хабарламаларға жауап бермеңіздер;күмәнді сілтемелерді ашпаңыздар;жеке деректеріңізді таратпаңыздар.
"Сақ болыңыздар, тек ресми ақпаратқа сеніңіздер. Егер осындай хабарлама алсаңыздар, құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар", - деп жазылған хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
