Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2025

Қазақстанда 1000 теңгелік жаңа банкнот айналымға шығады

0
Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады. Банкноталардың таралымы 5 миллион данамен шектелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Банкноталардың түсі – қоңыр-сарғылт.
Алдыңғы бетінде:

Даңқ мемориалы бейнеленген, Отан үшін жан қиған батырларға көрсетілген құрмет белгісі – 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан.
Микро-оптикалық қорғаныс жолағы. Банкнота бұрышын өзгерткен кезде жолақта тереңдіктің, көлемнің және жылтырдың үш өлшемді әсері, сондай-ақ мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналар көрінеді. Тырналар силуэті – жақсылық пен үміттің бейнесі – өмірді суреттейді.


Екінші бетінде:

тарихи мұрағаттық фотосуреттердің үзінділерімен Қазақстан картасы бейнеленген. ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені бейнеленген.

Сурттер: nationalbank.kz

"Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса