Ана тілі ұлт болмысының тірегі
Ана тілі – ұлт болмысының тірегі
Ана тілі – әр ұлттың рухани жаны, тарихы мен мәдениетінің айнасы. Тіл – ұлтты ұлт ететін, оны өзгеден ерекшелейтін басты құндылық. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген қанатты сөздің астарында терең мағына жатыр. Ана тіліне деген құрмет – туған жерге, ата-бабаға, ұлтқа деген шынайы сүйіспеншіліктің белгісі.
Қазақ халқы – терең тарихы мен бай мәдениеті бар халық. Сол мәдениеттің жүрегі – қазақ тілі. Тіл арқылы ұрпаққа салт-дәстүр, әдет-ғұрып, даналық сөздер мен ұлттық тәрбиенің негізі жеткізілген. Асан қайғы мен Бұқар жыраудан бастап, Абай мен Мұқағалиларға дейінгі сөз зергерлерінің мұрасы да – тілмен өрілген баға...
