Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2025

Алматыдан 234 шақырымда жер сілкінісі болды

0

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 234 шақырым жердегі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жер асты дүмпуі 12 мамырда Астана уақытымен сағат 06:33-те тіркелді.

"Эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 234 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,4. MPV магнитудасы - 4,8", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген. Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқыны мынадай болды:

Жаңа талап, Аққия, Көк-жар ауылдарында - 3,5 балл;Қыдырәлі, Сары-Иймек, Байченчек - 3 балл.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса