Алаяқтық жасады деген күдікті Сауд Арабиясынан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және ІІМ Интерпол қызметкерлері Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қазақстанның елшілігінің көмегімен Сауд Арабиясынан алаяқтық және атқарушылық құжатты орындамау бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.
"Күдікті 2018-2023 жылдар аралығында алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы Алматыда жәбірленушілердің 19 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражаты мен мүлкін иемденген. Сонымен қатар, ол ұзақ уақыт бойы алматылық коммерциялық компанияның 82 миллион теңге сомасына алдын ала төленген тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудан жалтарған", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.
"Биыл ол Сауд Арабиясы аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды".
Тағылған қылмыстар үшін мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Asus is bringing two great features to ergonomic keyboards with its upcoming ROG Falcata
Clair Obscur's director has an old YouTube channel full of masterful no-hit Devil May Cry videos because of course he does
Минималистичную стратегию Thronefall портировали на смартфоны
I did Liberation Day tariffs in Victoria 3, and it all went well until the famine in Colorado, the 2 lost wars with Canada, and the president beating a man to death with a stick
Театр Шиловского возродит сатиру Ильфа и Петрова «Сильным чувством»
«Я горделивый психопат. А Овечкин — русский мужик: уверенный в себе, спокойный». Неожиданное интервью Аршавина
ЭКСПЕРИМЕНТАТОРЫ С ИИ ВНЕДРЯЮТ НЕЙРО НАРКOТИКИ ВСЕМ?! "НЕ ВОЛНУЙТЕСЬ, ВЫ ЧИПИРОВАНЫ". НУЖНО УЛУЧШИТЬ ИИ АНТИВИРУС. Россия, США, Европа могут улучшить отношения и здоровье общества?!
Илья Муромец. Росатом изготовил первую реакторную установки РИТМ-400 для сверхмощного ледокола Россия