Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2025

Алматыда автотұрақтағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

0

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түсірілген видео тарады. Кадрларға ер адамдар арасындағы жаппай төбелес түсіп қалған. Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде тараған видеода алдымен екі ер адамның сөйлесіп тұрғаны көрінеді, кейін оларға тағы онға жуық адам қосылады. Бір сәтте кадрда қара костюм киген ер адам пайда болып, топқа жақындайды да, бірнеше секундтан кейін жаппай төбелес басталады.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, тұрғын үй кешенінің тұрғындары арасындағы жанжал акезінде қатысушылардың бірі екі қарсыласына пышақ жарақатын салған. Жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетілген.

"Әуезов ауданының полиция басқармасы суық қару қолданылған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер анықталды", – делінген полиция хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса