Алматыда автобус пен жеңіл көлік жол апатына ұшырап, төрт адам зардап шекті
Жол апаты 22 мамырда кешкі сағат 22:25-те Түрксіб ауданында болған.
"Автобус жүргізушісі Рысқұлов даңғылы бойымен келе жатып, кері бұрылған кезде қарама-қарсы бағытта келе жатқан Audi көлігімен соқтығысқан. Соқтығысудың салдарынан Audi жүргізушісі мен оның үш жолаушысы түрлі жарақаттар алды", – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
