Сәтбаевта қызға шабуыл жасаған ер адам айғақ берді
"Күдіктінің зардап шегушімен бетпе-бет кездесулері өткізілді. Қазіргі уақытта қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам мойындау көрсетілімдерін берді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, қала тұрғынына жасалған шабуыл дерегі бойынша полиция күдіктінің ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алған.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-тармағы (қылмысқа оқталу) және 120-бабының 1-тармағы (зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Сотқа дейінгі тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайларын анықтауға, дәлелдерді жинау мен тіркеуге, тұрғындардан сұрастыруға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілңп жатыр".
Тергеу жалғасып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ұлытау Облысының Полиция Департаменті (@policeofulytau)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
