Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2025

Алматы облысында мектеп оқушысы қаза тапты

0

Алматы облысында мектеп оқушысы өлтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан жасөспірім 11-сыныпта оқыған.

"Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Жасөспірімнің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады полициядан.

Сонымен қатар, полиция бұл оқиға бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін білім басқармасына ұсыныс енгізген.

"Қазір қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп толықтырды департамент өкілдері.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса