Алматыдан 434 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
"ТЖМ "ҰССБЗҒО" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 24 мамыр күні Астана уақытымен 05:25-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Координаттары: 41.050 с.е., 72.533 ш.б. Есептік қарқындылығы (балмен): сезілмейді", – делінген хабарламада.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, магнитудасы 3,9 болатын зілзаланың эпицентрі Қырғызстан аумағында, Тоскоол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым және Жалал-Абад қаласынан солтүстік-батысқа қарай 45 шақырым жерде орналасқан.
Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы мынадай болды:
Тоскоол ауылы мен Майлуу-Суу қаласында – шамамен 3,5 балл,Кара-Булак ауылында – 3 балл,Гелеген ауылы, Массы және Уч-Булак қалаларында – 2,5 балл.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
