Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2025

Құмды дауыл және аптап: бүгін ауа райы қандай болады?

0

Сейсенбі, 27 мамырда Қазақстанның бірнеше қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, негізінен жауын-шашынсыз болады. Алайда кей жерлерде өткінші жаңбыр мен найзағай, сондай-ақ құмды дауыл болуы мүмкін. Желдің күшеюі күтіледі, ауа температурасы +3-тен +30 градусқа дейін ауытқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мәліметіне сілтеме жасап.

Астана – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, секундына 3-8 метр, күндіз 9-14 м/с дейін. Температура түнде +3…+5, күндіз +19…+21.

Алматы – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, 3-8 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +21…+23.

Шымкент – ауыспалы бұлттылық, күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай. Жел – солтүстік-шығыстан, 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +15…+17, күндіз +26…+28.

Ақтау – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, 9-14 м/с. Температура түнде +16…+18, күндіз +26…+28.

Ақтөбе – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, 3-8 м/с. Температура түнде +4…+6, күндіз +25…+27.

Атырау – ашық, жауын-шашынсыз. Жел – шығыстан, 9-14 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +27…+29.

Жезқазған – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, 6-11 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Температура түнде +7…+9, күндіз +22…+24.

Қарағанды – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан, солтүстіктен, 5-10 м/с. Температура түнде +5…+7, күндіз +14…+16.

Көкшетау – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан батысқа ауысады, 7-12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Температура түнде +4…+6, күндіз +21…+23.

Қонаев – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, 9-14 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +22…+24.

Қостанай – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан, түнде 5-10 м/с, күндіз 9-14 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +23…+25.

Қызылорда – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел – солтүстік-шығыстан, 15-20 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +26…+28.

Павлодар – ауыспалы бұлттылық, жаңбыр. Жел – солтүстік-батыстан, 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +2…+4, топырақ бетінде -2 градусқа дейін үсік, күндіз +10…+12.

Петропавл – ауыспалы бұлттылық, күндіз жаңбыр мен найзағай, түнде және таңертең тұман. Жел – солтүстіктен, солтүстік-батыстан, түнде 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. Температура түнде +3…+5, күндіз +21…+23.

Семей – ауыспалы бұлттылық, түнде және таңертең жаңбыр. Жел – солтүстік-батыстан, 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +4…+6, күндіз +11…+13.

Талдықорған – ауыспалы бұлттылық, түнде жаңбыр мен найзағай. Жел – солтүстік-шығыстан, 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +20…+22.

Тараз – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +13…+15, күндіз +25…+27.

Түркістан – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел – солтүстік-шығыстан, 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +17…+19, күндіз +28…+30.

Орал – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел – шығыстан, 5-10 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +24…+26.

Өскемен – ауыспалы бұлттылық, түнде жаңбыр. Жел – солтүстік-батыстан, 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +4…+6, күндіз +10…+12.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса