Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2025

Астанада жүргізуші көлік тізгінінде қаза болды

0
Астанада Тоқпанов көшесінде болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша, елордалық полиция жүргізген тергеу нәтижесінде жеңіл көлік жүргізушісі Шарль де Голль көшесіне қарай бет алған кезде өзін кенеттен нашар сезініп, көлікті басқара алмай қалған.

"Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты", – деп хабарлады Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады. Онда тұрақта тұрған көлік пен қоршалған аумақ көрінеді. Қайтыс болған жүргізушінің денесі сол жерде болуы мүмкін деген болжам бар.
Оқиға орнына тергеу-жедел тобы барған. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса