Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2025

Жетісу облысында жер сілкінісі болды

0

29 мамырда Астана уақытымен 2:14-те Жетісу облысы Ақши ауылы маңында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, жерасты дүмпулері сезілмеген.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылынан 11 шақырым жерде, Алматыдан 478 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан", – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түспеген.
ТЖМ "Қазселезащита" мемлекеттік мекемесінің мамандары өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, көшкін және сел жүру қаупі бар учаскелерді тексерген.

"Сондай-ақ, тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарының зақымдану ықтималдығы бойынша көзбен шолу жүргізілді. Тексеру нәтижесінде ешқандай зақым анықталған жоқ, аталған нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", – деп мәлімдеді министрлік.

Ведомствоның мәліметінше, жағдай тұрақты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса