Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2025

“Қол-аяғымды байлап тастады“. Қазақстандық әйел көмек көрсету орталығынан қашқаны туралы мәлімдеді

0

Түркістан облысында жалғызбасты ана өзін белгісіз адамдар ұрлап кеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, үш ер адам балалардың көзінше үйіне баса-көктеп кіріп, оны күштеп Шымкенттегі Komek Center психологиялық көмек көрсету орталығына алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әйелдің айтуынша, орталықта оны ешқандай медициналық немесе құқықтық негізсіз ұстап, қол-аяғын скотчпен байлап, белгісіз дәрілер салған. Салдарынан ол есін білмейтін күйге түскен және оны белгісіз құжаттарға қол қоюға мәжбүрлеген.

"Мен бас тартқан кезде олар маған белгісіз дәрілерді егіп, ес-түссіз күйге түсірді. Қол-аяғымды скотчпен байлап тастады. Мен отбасыма хабарласқан соң ол жерден шықтым.
Орталықта жүргенде кәмелетке толмаған қыздар мен ұлдарды қорқытып, ешқандай көмек көрсетпей ұстағандарын өз көзіммен көрдім", - дейді ол.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде резонанс тудырды. Әйел Қазақстан Президентіне ашық бейнеүндеу жолдап, араша сұрады.

Полиция департаменті жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр:

"Орталықтың қызметі тексеріліп, құжаттары мен жазбалары қаралып жатыр, екі тараптың да дәлелдері зерттеліп жатыр.
Тергеу заң аясында жүргізіледі. Біз барлық дерекке объективті әрі жан-жақты тексеру жүргіземіз", – деп мәлімдеді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса