Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2025

Алматыда Әл-Фараби даңғылы жабылып, ұзын-сонар кептеліс пайда болды

0

Таңертең Алматыда Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылып, жолда кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол қозғалысына қойылған шектеулер алдын ала хабарланбағандықтан, көптеген жүргізуші жұмысқа бара жатқан жолда кептеліске тап болған.

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, қозғалыс сағат 08:00-де шектелген. Қала тұрғындары полиция мен әкімдік тарапынан ешқандай ескерту болмағанына шағымданды.

"Таңғы тосынсый үшін рақмет", "Кептелістен көпшілік кешікті", "Әуежайға бара жатқан адамдар не істейді?" – деп жазды желі қолданушылары.

Жолдың не себепті жабылғаны ресми түрде әзірге хабарланған жоқ. Материал жарияланған уақытқа дейін бұл мәселеге қатысты пікір алу үшін полиция мен қала әкімдігіне жүгіндік.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса