Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2025

БҚО-да сот үкімі шыққаннан кейін судья қамауға алынды

0

БҚО-да 2024 жылы ұсталған Орал сотының төрағасы Руслан Жұмағұловқа қатысты сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотында қаралды. Айыпталушылар орындығында Руслан Жұмағұловпен бірге тағы бір айыпталушы - адвокат отырды.

Руслан Жұмағұловқа Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 190-бап 3-бөлім 2-тармағы ("Алаяқтыққа оқталу") бойынша айып тағылды. Екінші айыпталушыға қатысты іс 190-бап 2-бөлім 3-тармағы, 24-бап 3-бөлігі, 28-бап 4-бөлігі – 367-бап 2-бөлігі баптары бойынша қаралды.

Сот Руслан Жұмағұловты тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 7 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім жарияланғанға дейін Жұмағұлов үйқамақта болды. Сот оны залда қамауға алуға қаулы шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса