Әскери колледжде оқып жүргенде бас сүйегінің жартысынан айырылып, көзі көрмей, денесі сал болып қалған Ұлан Мұсаев жақында арнайы ұшақпен Түркия жеткізілді. Үш жыл бұрын жараланған ұлын шетелге емдетуге жіберу үшін анасына сергелдеңге түсуге тура келген. Ол әскери колледж өкілдерінің "Ұлан өзін атқан" деген сөзіне сенбейді. Тергеу орындары "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабымен қозғаған қылмыстық іс содан бері бірнеше рет тоқтап, қайта жанданғанымен әзірге еш нәтиже жоқ.