Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2025

Бірге-бір пышақ, таяқпен: Павлодарда төбелес видеоға түсіп қалды

0
Павлодарда қарулы ер адам тұрғын үй ауласында екінші бір адамға пышақпен шабуыл жасады. Оқиға куәгерлері бұл сәтті видеоға түсіріп алған. Полиция шабуыл жасаған адамды ұстап, қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Instagram-да жарияланған кадрларда ер адамның екінші біреуге пышақпен жүгіргені көрінеді. Бір сәтте ол күрт қимыл жасап, қарсыласына шабуылдайды. Қарсыласы соққыдан жалтарып, жерге құлайды, бірақ шабуылдаушы соққы жасауға әрекетін жалғастырады.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері де барған – видеодан олардың қолында дубинка мен қалқаны бар екені көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, күдіктіні ұстауға бірнеше полиция экипажы жұмылдырылған.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ELITAR.KZ - НЕЗАВИСИМЫЙ НОВОСТНОЙ ПОРТАЛ (@elitar.kz)


Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға мас ер адамдар арасында болғанын мәлімдеді.

"Қақтығысқа қатысқан барлық адам анықталып, ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деді полиция өкілдері.

Тергеу жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса