Мамандық-өміріңнің айнасы
Мамандық - өміріңнің айнасы
Өмір – ұшы қиыры жоқ терең мұхит, ал мамандық – сол мұхитта жүзіп өтетін кеме. Егер дұрыс бағытты таңдасаң, жағалауға аман-есен жетесің, ал егер жолыңды қате таңдасаң, толқындар сені адастырып, өкінішке жетелейді. Жас түлек үшін мамандық таңдау – теңізге алғаш рет желкен жайған кеменің бағытын анықтаумен тең.
«Жаңына жақын іс - жүрегіңнің әні» дейді дана халық және мен осы айтқан пікірмен толықтай келісемін. Себебі, әрбір адам өзіне берілген дарынның кілтін дұрыс ашса, шын мәнінде бақытты болады. Сүйікті ісімен айналысқан жан-таңмен бірге қуанып оянып, әр күнін шабытпен өткізеді. Ал көңілі қаламаған мамандықты таңдаған жан - тас қапаста қамалған...
