Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2025

Көлік министрі міндетін кім атқарып жатыр?

0

Көлік министрі Марат Қарабаев қызметінен босатылғаннан кейін, оның міндетін уақытша вице-министр Мақсат Қалиақпаров атқарып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласындағы ірі инвестициялық жобалар бойынша кеңес өткізді. Онда Қауіпсіздік Кеңесі отырысында айтылған Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

"Жиында көлік министрінің міндетін атқарушы Мақсат Қалиақпаров, сондай-ақ "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндама жасады", - делінген хабарламада.

Көлік министрлігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қалиақпаров 2023 жылғы 6 қазаннан бері вице-министр қызметін атқарып келеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса