Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2025

Астанада қылмыс жасап, 25-қабаттан секіріп кеткен ер адам аман қалды

0

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам бірге тұратын сүйіктісін өлтіріп, кейін көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен. Қайғылы оқиғаның мән-жайын елордалық Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 19 маусымда болған. Алдын ала деректер бойынша, азаматтық некедегі ерлі-зайыпты арасында жанжал туындап, оның барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған, содан кейін тұрғын үйдің 25-қабатынан секіріп кеткен. Ол үйдің жанында тұрған автокөлікке құлаған.

"Салдарынан ол ауыр жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тексеру жүргізіліп жатыр. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп мәлімдеді Астана ПД өкілдері.

Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, марқұмның артында 7 және 10 жастағы екі баласы қалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса