Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2025

Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды

0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен 19 ауыз сумен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау нысанының құрылысы қаржыландырылды.

Мәселен, 2025 жылғы 17 маусымда Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Қордай ауданы Үлкен Сұлутөр ауылында бой көтерген жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысты.

— Прокуратура органдары тарапынан заңсыз шығарылған активтерді қайтару бағытында жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар аясында біздің өңірде әлеуметтік маңызды инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылданды. Оның жарқын мысалы — медициналық көмекпен шалғай ауылдарды қамтамасыз ету, — деп облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров атап өтті.

Бұл амбулатория ел бойынша бағдарлама аясында пайдалануға берілген алғашқы нысандардың бірі. Бұған дейін ауыл тұрғындарына 1959 жылы салынған ескі ғимаратта қызмет көрсетілген.

Аудан орталығы мен Үлкен-Сұлутөр ауылы арасындағы үлкен қашықтықты ескере отырып, жаңа амбулатория 1500-ден астам тұрғынға қажетті медициналық қызметтерді ауылдан шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді.

Медициналық мекеме алғашқы дәрігерлік және дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін қажетті заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, физиотерапия, оңалту және ЭКГ кабинеттерімен жабдықталған.

Сообщение Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса