Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2025

Қазақстан 46 миллиард теңге қарыз алады: Сенат келісімді ратификациялады

0

Сенат пленарлық отырыста Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы 46 миллиард теңге мөлшеріндегі қарыз туралы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл қаржы қайда жұмсалмақ?"Қазақстанның инклюзив экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру" жобасы туралы сөз болып отыр. Оның мақсаты - тұрақты цифрлық инфрақұрылымды дамыту және ауыл тұрғындарын жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттер қатарына:

қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайту үшін ауылдарды интернетке қосу;өңірлердегі шағын және орта бизнесті, қашықтан қызмет көрсетуді және инвестицияларды қолдау;мемлекет пен жеке сектордың серіктестігі арқылы телеком-инфрақұрылымды дамыту жатады.

Жоба республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейтіні және теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайтыны айтылды.
Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) - дүниежүзілік банктің негізгі кредиттік мекемесі, БҰҰ мамандандырылған мекемесі, 1944 жылы Халықаралық валюта қорымен бір мезгілде құрылған мемлекетаралық инвестициялық институт.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса