Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2025

Назарбаев университеті студентінің өлімі: қылмыстық іс қозғалды

0

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университеті жатақханасынан мәйіті табылған студент қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, полиция бұл істі Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша ("Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу") тергеп жатыр.

"Қазір Қылмыстық-процестік кодекс аясында ешқандай мәліметтер жарияланбайды. Біз тек полициямен бірлесіп жұмыс істеп жатқанымызды растай аламыз", – деді Нұрбек.

Журналистер министрден оқиға студенттер арасындағы жанжал салдарынан болуы мүмкін бе деп сұрады.

"Ештеңе айта алмаймыз. Тергеу аясында қосымша ақпаратты полиция департаменті береді деп келісілген", – деді шенеунік.

Айта кетейік, 18 маусымда Назарбаев университетінің студенті жатақханада өлі табылды. Университеттің баспасөз қызметі қыздың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса