Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2025

Қазақстанда сиреналар қосылады

0

Қазақстанда "Жер-2025" атты республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шара 2025 жылғы 23-24 шілде аралығында елдің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде өтеді. Олар – Алматы, Шымкент қалалары, Абай және Жетісу, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары.
Республикалық оқу-жаттығу штабы Шымкентте орналасқан.
Аталған өңірлерде тұрғындар дабыл сиренасын естиді, сонымен қатар адамдар көп жиналатын нысандарда сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.

"Оқу-жаттығу жойқын жер сілкінісінен кейін туындайтын төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дайындық деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі. Іс-шараға республикалық, өңірлік азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар қатысады, олар жойқын жер сілкінісі жағдайында әрекет ету алгоритмін пысықтайды", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса