Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2025

Астана-Көкшетау тасжолында жылдамдыққа шектеу қойылды

0

Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы күре жолында қалың тұманға байланысты жылдамдық режиміне шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (тұман, көрінудің шектелуі) Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы тасжолының 144-180 шақырым аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жылдамдық режиміне уақытша шектеу енгізілді.

"Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдарда ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса