Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

“Ғимаратты бұзып жатыр“. Алматы әкімдігі мектепті сүру туралы ақпаратқа пікір білдірді

0

Әлеуметтік желіде Алматыдағы №56 гимназия ғимараты сүріліп жатқаны туралы мәлімет пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жазба авторы жұмысшылардың ғимарат шатыры үстінде перфоратормен жұмыс істеп жатқаны бейнеленген видеоны жариялады.

"Алматы тарихи келбетін қалай біртіндеп жоғалтып жатқанын қараңыздар. 56-гимназия, оның ғимараты дәл қазір сүріліп жатыр. Бұл - декоры бар кеңестік ампир, қала тұрғындары мен қонақтарының көз қуанышы еді. Мұндай тарихи ескерткіштерді бұза отырып, біз өз бірегейлігімізді жоғалтамыз, ұзаққа созылған, қызық бір дәуірді ұмытамыз. Бұл жерде есте қалмайтын, қаланың өзіндік стилін қалыптастырмайтын заманауи бірдеңе пайда болады", - деп жазды ол.

Бұл жазбаға Алматы қаласының Құрылыс басқармасы пікір білдірді. Онда Сәтбаев атындағы №56 мектеп-гимназия ғимаратының сүрілуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтыны айтылды.

"Мектепті сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бар құрылыстарды сүру көзделмеген. Сонымен қатар, ғимараттың тарихи қасбеті сақталады", - деп уәде берді басқарма.

Ведомствоның мәліметінше, жоба "қолданыстағы білім беру стандарттарына сай заманауи оқу кеңістіктерін құруды" көздейді. Сондай-ақ, ол көпфункциялы спорт кешенін салу, демалыс аймақтарын абаттандыру, заманауи асхана, кітапхана, оқу залдары және үйірме бөлмелерін жабдықтауды қамтиды.

"Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылғы сәуірде аяқталады. Бас мердігер - "Астана-Стройинвест" корпорациясы" ЖШС", - деп толықтырды басқарма.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса