Ұлттық банк 3000 теңгелік банкнот туралы сұраққа жауап берді
Қазақстандық жақын уақытта 3000 теңгелік купюра шығару жоспарда бар ма деген сұрақ қойды. Оның сұрағына Ұлттық банктың баспасөз қызметі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сұрақ
Редакцияға оқырманымыз жүгініп, жаңа номиналдағы банкноттардың енгізілуі туралы сұрады.
"Қазір баға өте тез өсіп жатыр. 500 теңгелік монета және 3000 теңгелік купюра болса ыңғайлы болар еді. Бұл жоспарда бар ма?" – деп сұрады ол.
Ұлттық банк не дейді?
Бұл сұрақты Ұлттық банктың баспасөз қызметінен сұрап көрдік. Заңға сәйкес, банкноттар мен монеталардың номиналдық қатарын Ұлттық банк белгілейді.
Жаңа банкноттар мен монеталарды шығару туралы шешімдер экономикалық жағдай, нарық қажеттілігі, сондай-ақ төлем жүйелерінің қауіпсіздігі мен тиімділігі ескеріле отырып қабылданады.
"Бүгінде ұлттық валютаның қолданыстағы номиналдық қатары экономикадағы баға деңгейіне толық сәйкес келеді. Қазіргі уақытта жаңа номиналдарды шығару қажеттілігі жоқ", – деп жауап берді Ұлттық банк.
Ұлттық банк жаңа банкноттар мен монеталарды шығару туралы ақпаратты БАҚ арқылы жариялайтынын нақтылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
