Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2025

Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады

0

Синоптиктер 30, 31 қазан және 1 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстан аумағы Атлант мұхитынан келетін циклонның ықпалында болады, ол елдің басым бөлігінде жаңбыр мен желдің күшеюіне ықпал етеді.

"Тек 30 қазанда солтүстікте, орталықта, 30-31 қазанда республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік өңірлерде де атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен жаңбыр күтіледі, ал таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады", - деп түсіндірді синоптиктер.

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтіледі.
Сондай-ақ, күндізгі температуралық фонның біртіндеп төмендеуі болжанады:

елдің батысында +5...+10 градусқа дейін,Қазақстанның солтүстігі мен орталығында +2...+10 градусқа дейін,оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +8...+17 градусқа дейін,шығыста негізгі фон +8...+18 градус шамасында болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса