Астанада 15-қабат деңгейінде ғимарат жақтауына шыққан қыз құтқарылды: видео
Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері барған. Құтқарушылар көрші пәтер арқылы қызды қауіпті қадамнан бас тартуға көндіруге тырысқан.
"Осы уақытта құтқарушылардың тағы бір тобы кез келген уақытта көмекке дайын болу үшін автосаты көмегімен көтерілді. Құтқарушылар 1999 жылы туған әйелді парапеттен түсіріп, қауіпсіз жерге шығарды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
