Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2025

Татулықты ту еткен «Достық керуені» Қордай ауданында

0

Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан ҚХА-ның «Достық керуені» жобасы этностар арасындағы ынтымақты дәріптеп, бірлікті бекемдеуге үлес қосып келеді.
Аймақтағы этностардың татулығын ту етіп жолға шыққан «Достық керуені» жобасы ағымдағы жылдың 30 қазанында Қордай ауданына ат басын бұрды.
Кезекті керуен көшінің құрамында өңірлік ассамблея Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырза-Ғали, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төраға орынбасары Сара Даузова,
«Қазақстандық татар және башқұрт конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы Фарида Нақыш, Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева, Ақсақалдар кеңесінің төраға орынбасары Абдурахман Зайнутдинов, облыстық РҚБ төрағасының орынбасары, “Полонез” поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Лариса Калькова, жамбылдық жастардың жетекшісі Хамида Турдыева мен бірлестіктің белсенділері және «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері бар.
Бағдарламаға сай, жобаның алғашқы жұмысы аудандық мәдениет үйіндегі этномәдени бірлестіктердің мәдениетімен және салт-дәстүрімен танысудан бастау алды.

Сообщение Татулықты ту еткен «Достық керуені» Қордай ауданында появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса