Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстан Ресейден Екатерина Биволды экстрадициялауды сұрайды

0

ІІМ өкілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайын іздеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және оған халықаралық іздеу жарияланғанын еске салды.

"Тергеу жалғасып жатыр. Біз Ресей полициясымен байланыстамыз. Ол ұсталған жағдайда, Бас прокуратура арқылы экстрадиция мәселесін көтереміз", - деді Әділов Сенат кулуарында.

Журналистердің "күдікті Ресей азаматы болса, экстрадиция қалай жүзеге асады" деген нақтылаушы сұрағына ол:

"Ұсталған жағдайда, оны беру туралы мәселені Бас прокуратураның қарауына береміз", — деп жауап берді.

Бұған дейін ҚР ІІМ Екатерина Биволға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын.
Еске салайық, Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдеріне тіл тигізіп видео жариялаған болатын. Кейін Қырғызстанда оны қамауға алу туралы ордер берілген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса